2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан
Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы
ХАТТАМА
(2015 жылғы 30 наурызда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., N 3, 22-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2012 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы назарға ала отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 8-бабына сәйкес,
Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын басқа да халықаралық шарттарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге оның 8-бабының екінші абзацын мынадай редакцияда жаза отырып, өзгеріс енгізілсін:
"Осы Келісім 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, егер осы Келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі бітерден кемінде 6 ай бұрын Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын өзінің тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.".
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, екі мәтіннің де заңды күші бірдей.
Қазақстан Республикасының | Ресей Федерациясының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |