О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ответственного обращения с животными

Закон Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 98-VII ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года:

      статью 316 изложить в следующей редакции:

      "Статья 316. Жестокое обращение с животным

      1. Жестокое обращение с животным, повлекшее его увечье, –

      наказывается штрафом в размере до ста двадцати месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до ста двадцати часов, либо арестом на срок до тридцати суток.

      2. Жестокое обращение с животным, повлекшее его гибель, –

      наказывается штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов, либо арестом на срок до пятидесяти суток, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до одного года или без такового.

      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные:

      1) в отношении двух и более животных;

      2) группой лиц, группой лиц по предварительному сговору;

      3) неоднократно;

      4) в присутствии малолетних;

      5) публично или с использованием средств массовой информации или сетей телекоммуникаций, –

      наказываются штрафом в размере до одной тысячи месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо привлечением к общественным работам на срок до четырехсот часов, либо ограничением свободы на срок до одного года, либо лишением свободы на тот же срок, с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до двух лет или без такового.".

      2. В Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014 года:

      в статье 191:

      часть вторую после слов "315 (частью первой)," дополнить словами "316 (частью третьей),";

      часть шестнадцатую после цифр "316" дополнить словами "(частями первой и второй)".

      3. В Кодекс Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения":

      1) в подпункте 160) пункта 1 статьи 1 слово "лабораторных" заменить словами "экспериментальных (лабораторных)";

      2) часть первую пункта 1 статьи 227 после слов "людях и" дополнить словами "экспериментальных (лабораторных)".

      4. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      в пункте 2-2 статьи 6 слова "правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек" заменить словами "правил содержания и выгула домашних животных, правил отлова, временного содержания и умерщвления животных".

      5. В Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте":

      подпункт 26) пункта 1 статьи 40 изложить в следующей редакции:

      "26) перевозки животных;".

      6. В Закон Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии":

      1) в статье 10:

      в пункте 1:

      в подпункте 4-3) слова "правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек" заменить словами "правил содержания и выгула домашних животных, правил отлова, временного содержания и умерщвления животных";

      подпункт 4-9) изложить в следующей редакции:

      "4-9) организация отлова, временного содержания и умерщвления животных;";

      в пункте 1-1:

      подпункт 23) изложить в следующей редакции:

      "23) организация отлова, временного содержания и умерщвления животных;";

      в подпункте 27) слова "правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек" заменить словами "правил содержания и выгула домашних животных, правил отлова, временного содержания и умерщвления животных";

      2) абзац седьмой части первой пункта 4 статьи 11 изложить в следующей редакции:

      "отлова, временного содержания и умерщвления животных;".

      7. В Закон Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе":

      абзац тринадцатый подпункта 18) пункта 2 статьи 134 изложить в следующей редакции:

      "отлову, временному содержанию и умерщвлению животных;".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 98-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      316-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау

      1. Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –

      бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

      1) екі және одан да көп жануарға қатысты жасалған;

      2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      3) бірнеше рет;

      4) жас балалардың көзінше;

      5) жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      191-бапта:

      екінші бөлік "315 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "316 (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      он алтыншы бөлік "316" деген цифрлардан кейін "(бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағының 160) тармақшасындағы "зертханалық" деген сөз "эксперименттік (зертханалық)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 227-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "адамдарға және" деген сөздерден кейін "эксперименттік (зертханалық)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 2-2-тармағындағы "иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын" деген сөздер "үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      40-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) жануарларды тасымалдау;".

      6. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-бапта:

      1-тармақта:

      4-3) тармақшадағы "иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын" деген сөздер "үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-9) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;";

      1-1-тармақта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;";

      27) тармақшадағы "иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын" деген сөздер "үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;".

      7. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      134-баптың 2-тармағы 18) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ