О ратификации Четвертого протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Закон Республики Казахстан от 5 января 2024 года № 53-VIII ЗРК

      Ратифицировать Четвертый протокол о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года, совершенный 26 августа 2022 года.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

ЧЕТВЕРТЫЙ ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

      Государства - члены Организации Договора о коллективной безопасности, далее именуемые Сторонами,

      в соответствии со статьей 27 Устава Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года (далее - Устав)

      договорились о нижеследующем:

      1. Внести в Устав следующие изменения:

      а) абзац третий статьи 8 Устава после слов "информационной безопасности," дополнить словами "биологической безопасности,";

      б) абзац второй статьи 17 Устава дополнить вторым предложением следующего содержания:

      "Решение о досрочном прекращении полномочий Генерального секретаря принимается Советом по представлению СМИД.".

      2. Настоящий Протокол вступает в силу в порядке, предусмотренном статьей 26 Устава.

      Совершено в городе ___________________ "26" августа 2022 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Секретариате Организации Договора о коллективной безопасности, который направит каждой Стороне, подписавшей настоящий Протокол, его заверенную копию.

     

За Республику Армения За Кыргызскую Республику
За Республику Беларусь За Российскую Федерацию
За Республику Казахстан За Республику Таджикистан

     

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 53-VIII ҚРЗ

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 26 тамызда жасалған төртінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының
Жарғысына өзгерістер енгізу туралы ТӨРТІНШІ ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер

      2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы уағдаласты:

      1. Жарғыға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Жарғының 8-бабының үшінші абзацы "ақпараттық қауіпсіздік," деген сөздерден кейін "биологиялық қауіпсіздік," деген сөздермен толықтырылсын;

      б) Жарғының 17-бабының екінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бас хатшының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді СІМК-нің ұсынуы бойынша Кеңес қабылдайды.".

      2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2022 жылғы "26" тамызда_____ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.


      Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт

      Ұйымы Хатшылығының мөрі

      Көшірмесі дұрыс:

      ҰҚШҰ Хатшылығының
Заң бөлімінің бастығы
______________К.Голуб

      2022 жылғы 26 тамызда жасалған 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманың қазақ тіліндегі көшірмесінің дұрыстығын куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің орынбасары
А.Айдаров