Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 24 мамырдағы № 194 бұйрығы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 543-құжат):
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 мамырдағы № 153 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2877 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 25-28, 939-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҚЛЖ комитеті түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 тамыздағы № 246 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3063 болып тіркелген);
      4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 78 бұйрықтың 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5722 болып тіркелген, "Заң газеті" 2009 жылғы 31 шілдедегі, № 115 (1538), "Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 31 шілдедегі, № 115(1712), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, 2009 жыл, № 9, 354-құжат, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында, 2009 жылғы № 8 жарияланған);
      5) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 268 бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6582 болып тіркелген, "Казахстанская правда" 2010 жылғы 4 қарашадағы № 292 (26353). "Официальная газета" 2010 жылғы 12 қарашадағы № 46 (516), "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 6 қарашадағы № 459-460 (26303) жарияланған).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің
      міндетін атқарушы                          Д. Құсдәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады