Консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өніміне ассортименттік нөмірлер және реттік есеп нөмірлер беру мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрінің 1998 жылғы 31 наурыздағы бірлескен шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 418 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 5-3/605 бірлескен бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
      1. Консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өніміне ассортименттік нөмірлер және реттік есеп нөмірлер беру мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 3 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрінің 1998 жылғы 31 наурыздағы шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 513 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А.Сәтбаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -   Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының          ___________ А.Мамытбеков
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі
      ___________ Ә.Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады