Шешім консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өніміне ассортименттік нөмір және реттік есеп нөмірін беру мәселесі жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Төрағасы 1998 ж. 3 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-Министрі 1998 ж. 31 наурыз Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 мамырда тіркелді. Тіркеу N 513. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 418 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 5-3/605 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 23.11.2012 № 418 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.11.2012 № 5-3/605 бірлескен бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (енді Мемстандарт) консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өнімінің ет, ет-өсімдік, сүт, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ өнімдерінің нақты түрлеріне реттік есеп нөмірін және ассортименттік нөмірін беру мәселесін бірлесіп талқылағаннан кейін мынадай шешімге келді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ет, ет- өсімдік, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ консервілерін өндіретін өндірушілерге олардың дайындаған өніміне реттік есеп нөмірін және ассортименттік нөмірін беруді қамтамасыз етеді.
      2. Мемстандарт ет және ет-өсімдік, сүт, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ консервілерінің тәртібі мен талабын белгілейтін қолданыстағы мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға енгізілген барлық өзгертулерді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарлау жөніндегі міндеттемені өзіне жүктейді.

      оқығандар:


     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады