Астана қаласының 2012 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 30 мамырдағы № 139/16-V шешімі

      Астана қаласының 2012 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарастырып, Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-ІV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімімен бекітілген Астана қаласының бюджеті Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 8/2-V, 2012 жылғы 31 тамыздағы № 61/8-V, 2012 жылғы 21 қарашадағы № 81/10-V, 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 106/12-V шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген тиісті көрсеткіштерден кіріс бойынша 103 пайызға (жоспар 315 549 778,1 мың теңге, 325 036 262,9 мың теңге келіп түсті), шығындар бойынша - 98,7 пайызға (жоспар 305 147 682,0 мың теңге, атқарылғаны 301 263 543,9 мың теңге) орындалды.
      Таза бюджеттік кредиттеу (-1 563 935,7 мың теңгені) құрады, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу 1 563 935,7 мың теңгені (100,0 %) құрады.
      Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 22 395 537,4 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржы активтерін сатып алу 22 395 537,4 мың теңге сомасында жүзеге асырылды (100 %).
      Бюджеттің профициті 2 941 117,3 мың теңгені құрады.
      Қаржы жылы ішінде жергілікті атқарушы органның 7 054 311,9 мың теңге сомасында қарызын өтеу жүргізілді.
      Жылдың соңына бюджеттік қаражаттың қалдығы 13 370 624,5 мың теңгені құрады.
      Мәслихат сессиясы шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуының оң серпінімен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын уақытылы және толық пайдалану, оның ішінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша жұмысты тиісті деңгейде өткізбейтінін атап өтті.
      2012 жылғы бюджет бойынша жалпы игерілмеген қаражаттың жалпы сомасы 3 884 140,0 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттердің есебінен 3 086 925,5 мың теңгені құрады.
      Пайдаланылмаған қаражаттың жалпы сомасынан 92,9 % немесе 3 610 266,6 мың теңге инвестициялық жобаларды іске асыратын басқармаларға: Құрылыс басқармасына, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына келеді.
      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласының 2012 жылғы бюджетінің кассалық атқарылуы туралы есеп кірістер бойынша 325 036 262,9 мың теңге, шығындар бойынша 301 263 543,9 мың теңге сомасында, таза бюджеттік несиелеу бойынша орындалуы (-1 563 935,7) мың теңге, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоның орындалуы 22 395 537,4 мың теңге, бюджет профициттері бойынша 2 941 117,3 мың теңге болып бекітілсін (қоса беріледі).
      2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне стратегиялық жоспарларда көзделген мақсатқа қол жеткізумен, сонымен қатар бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ете отырып, бюджеттік бағдарламалардың сапалы және тиімді орындалуы бойынша қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                               В.Досаев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                               С. Есілов

Астана қаласы   
мәслихатының 2013 жылғы
30 мамырындағы  
№ 139/16-V шешіміне
№ 2 қосымша     

Астана қаласы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-IV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 708 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 8/2-V «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-ІV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 721 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 44 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      3. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 61/8-V «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-IV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 26 қыркүйекте № 745 болып тіркелген, 2012 жылғы 2 қазандағы № 111 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 2 қазандағы № 117 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      4.  Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 81/10-V «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-ІV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда № 753 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 142 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 148 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      5. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 106/12-V «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 518/75-IV «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 9 қаңтарда № 760 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 4 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 5 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады