Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 15 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген);
       2) «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1900 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 ж., № 33, 664-құжат жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Қ.Б. Ақжанов) бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б.Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады