Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 240 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаржы министрлігіне (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің   
Орынбасары -          
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің     
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 240 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 8 маусымда № 7718 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2012 жыл № 11).
      2. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8432 тіркелген).
      3. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 600 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 6 ақпанда № 9133 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 07.03.2014 ж.).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады