Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 4915 "Өскемен қаласының коммуналдық Мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы N 8953 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғ 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 122-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 4915 "Өскемен қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3367 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми баспа басылымдарында осы каулының жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады