Степногорск қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № а-6/246 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № а-7/286 (№ 4329 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2014 жылдың 04 қыркүйегінде «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған), «Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № а-7/286 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № а-1/52 (№ 4664 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылдың 12 наурызында «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Ә.Аманқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                Ә.Күмпекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады