Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Г. Сейтова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов

  аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдердің
Т І З Б Е С І

      1. Шалқар ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 182 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 19 қаңтарда № 4158 санымен тіркелген.
      2. "Шалқар ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 182 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгзіу туралы, аудандық мәслихаттың 13 наурыз 2015 жылғы № 199 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 31 наурызда № 4266 санымен тіркелген.
      3. "Шалқар ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 182 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгзіу туралы, аудандық мәслихаттың 1 сәуір 2015 жылғы № 207 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 15 сәуірде № 4305 санымен тіркелген.
      4. "Шалқар ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 182 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 22 шілде 2015 жылғы № 225 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 5 тамызда № 4452 санымен тіркелген.
      5. "Шалқар ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 182 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 29 қазан 2015 жылғы № 241 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 20 қарашада № 4584 санымен тіркелген.
      6. Шалқар ауданының ауылдық ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 13 наурыз 2015 жылғы № 200 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 3 сәуірде № 4281 санымен тіркелген.
      7. "Шалқар ауданының ауылдық ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 9 маусым 2015 жылғы № 214 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 23 маусымда № 4377 санымен тіркелген.
      8. "Шалқар ауданының ауылдық ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 29 қазан 2015 жылғы № 242 шешімі, Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2015 жылы 20 қарашада № 4585 санымен тіркелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады