Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 265 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 – тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Жанкеге жүктелсін.
      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Орынбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы "2" қарашадағы
№ 265 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізімі

      1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 5 қарашада № 1835 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қарашасында "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).
      2. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 398 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2104 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 ақпанындағы "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады