Аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 4 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

  Аудан әкімінің 2015 жылғы
"10" қыркүйектегі № 4 шешіміне
қосымша

      1. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы "2012 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы" № 11 шешімі (Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 02 ақпанда № 6-11-118 тіркелді).
      2. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы "2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы" № 9 шешімі (Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда № 85 нөмірімен тіркелді).
      3. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы "2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы" № 10 шешімі (Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда № 69 нөмірімен тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады