2010 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 9 шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда 85 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 қыркүйекте №4 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 10.09.2015 № 4 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің есебін жүргізу туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Ердосовке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Шу қаласы мен ауылдық, селолық округтер әкімдері "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды әскери дәрігерлік сараптамадан өткізу ұсынылсын.
      5. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Жапабаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Нәметкұловқа жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Қарашолақов

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облыстық Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық Ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш. Жапабаев
      14 желтоқсан 2009 жыл
      "Жамбыл облысы Шу ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      К. Ердосов
      14 желтоқсан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады