Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі N 241 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 87 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 наурызда № 3163 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Кішкенекөл таны" № 13, 2015 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Кызылту" № 13 газетінде жарияланған) қаулысының;
      2) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 70 "Ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3176 тіркелген, 2015 жылғы 06 сәуірдегі аудандық "Кішкенекөл таны" № 15, 2015 жылғы 06 сәуірдегі аудандық "Кызылту" № 15 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының әкімі
А.Төрегелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады