Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы N 87 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда N 3163 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі N 241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 31.07.2015 N 241 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттар үшін Солтүстік Қазақстан Уәлиханов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін, шарт негізінде ұсынылатын, үй-жайлар 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Қ.Сағитовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 26 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
С.Баумағанбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов аудандық
сайлау комиссиясының
төрайымы
2015 жыл 10 наурыз
Г.Жәкенқызы

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 87 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындары


р/с
Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар
1.
Ақтүйесай ауылдық округі,
Ақтүйесай ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Жұмабаев көшесі, 19
2.
Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Школьная көшесі, 1
3.
Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы
Ақбұлақ ауылдық клубтың ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Ленин көшесі, 11
4.
Бидайық ауылдық округі, Бидайық ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Жапаров көшесі, 36
5.
Қайрат ауылдық округі, Қайрат ауылы
Қайрат демалыс орталығының ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Бөгенбай көшесі
6.
Қарасу ауылдық округі, Аққұдық ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Мира көшесі, 23
7.
Қаратерек ауылдық округі, Қаратерек ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Торговая көшесі, 1
8.
Кішкенекөл ауылдық округі, Кішкенекөл ауылы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Уәлиханов ауданы бойынша бөлімінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Уәлиханов көшесі, 80
9.
Көктерек ауылдық округі, Мортық ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Интернациональная көшесі, 19
10.
Қулыкөл ауылдық округі, Қулыкөл ауылы
Қулыкөл ауылдық клубтың ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Ғабдуллин көшесі, 34
11.
Телжан ауылдық округі, Телжан ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы стенд, Целинная көшесі

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 87 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін ұсынылған үй-жайлары


р/с
Елді мекеннің атауы
Кездесулер өткізу орны
1
Ақтүйесай ауылы
Ақтүйесай ауылдық кітапхананың оқу залы,
Жұмабаев көшесі, 18
2
Амангелді ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің акт залы, Школьная көшесі, 1
3
Ақбұлақ ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Ленина көшесі, 12
4
Бидайық ауылы
Бидайық ауылдық кітапхананың оқу залы,
Жапаров көшесі, 36
5
Қайрат ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының Қайрат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фойесі, Бөгенбай көшесі, 19
6
Қарасу ауылы
Аққұдық ауылдық кітапхананың оқу залы,
Мир көшесі, 23
7
Қаратерек ауылы
Қаратерек ауылдық кітапхананың оқу залы. Торговая көшесі, 8
8
Кішкенекөл ауылы
Солтүстік Қазақстан облысы "Уәлиханов ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 1-қабатындағы көрермендер залы, Жамбыл көшесі, 74-үй
9
Көктерек ауылы
Мортық ауылдық клубтың залы, Интернациональная көшесі, 13
10
Қулыкөл ауылы
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының Қайрат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Ауэзов көшесі, 2
11
Телжан ауылы
Телжан ауылдық кітапхананың оқу залы, Школьная көшесі, 1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады