Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 43/349-V шешімі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Әбішов

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                    Қ.Ержан

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы
№ 43/349-V шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбiр шешімдерінің тiзбесi

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумақтарында құрылыс салу Ережелері туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/307-III (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1947-нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 17 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімі.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2284-нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімі.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/204-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2666-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады