Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 41/200-V шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төлеби аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/119-V "Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2493 нөмірмен тіркелген, аудандық "Ленгер жаршысы" газетінің 3 санында 25.01.2014 жылы жарияланған), Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 28/133-V "Төлеби аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" № 26/119-V шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2577 нөмірмен тіркелген, аудандық "Ленгер жаршысы" газетінің 14 санында 21.03.2014 жылы жарияланған), Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 31/150-V "Төлеби аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы "Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" № 26/119-V шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2697 нөмірмен тіркелген, аудандық "Ленгер жаршысы" газетінің 27 санында 21.06.2014 жылы жарияланған) және Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/191-V "Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Төлеби аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/119-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3162 нөмірмен тіркелген, аудандық "Аймақ тынысы" газетінің 21-22 сандарында 20.05.2015 жылы жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Татыбаев
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы Ә.Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады