"Астана қаласында сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 111-694 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 111-501 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласында сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 111-694 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 905 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 мамырдағы № 51 (3256) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 16 мамырдағы № 51 (3274) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.

      Әкім Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады