"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 557 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 259 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 557 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 9045 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұйрық бұрын жарияланған ресми баспасөз басылымына белгіленген тәртіппен жолдасын.

      3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады