Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № А-3/619 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 30.03 № А-3/619
қаулысына қосымша

Көкшетау қаласы әкімдігінің кейбiр күшi жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № А-1/9 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4611 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған);
      2. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № А-1/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпаңдағы № А- 2/174 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5264 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады