Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп есептеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 33 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдағы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 87 «Астрахан ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-84 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2008 жылғы 16 мамырда жарияланған);
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 212 «Астрахан ауданында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-175 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2012 жылғы 7 маусымда жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады