Астрахан ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 87 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде N 1-6-84 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.02.2016 № 33 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданында мүгедектер үшін жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орнының квотасы белгіленсін.
      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап әрекет етуге кіріседі.

      Астрахан ауданының
      әкімі                                      Р.Әкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ.Жұмақаев

      Астрахан ауданының
      «Кәсіпкерлік бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы»                                   Ж.Сағынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады