"Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданының бюджеті қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № А-1/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № а-12/625 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/121 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданының бюджеті қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № А-1/9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № а-12/625 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 3556 Тізілімінде тіркелген, "Ереймен" және "Ерейментау" аудандық газеттерінде 2012 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады