"Есіл ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 Есіл ауданы әкімдігі қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № а-2/39 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Есіл ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 20 шілдесінде № 4879 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» аудандық газетінде 2015 жылдың 3 тамызында жарияланған), Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары ескеріле отырып, «Есіл ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № а-6/274 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 6 қаңтарында № 1-11-96 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» аудандық газетінде 2009 жылдың 16 қаңтарында жарияланған) 2008 жылғы 27 қарашадағы № а-11/274 Есіл ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылған деп тынылсын.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      4.Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады