Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N а-11/274 қаулысы. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтарда N 1-11-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № а-2/39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № а-2/39 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, жұмыс іздеп қиналып жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 29.06.2015 № а-6/274 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Есіл ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орны квотасы белгіленсін.

      2. Есіл қаласы, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тығыз байланыса отырып құрылған жұмыс орындарына мүгедектерді жіберуді жүзеге асырсын.

      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.

      4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       С.Ерин 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады