Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8- тармағына сәйкес, "Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 шілдегі № 16-07/383 "Жайсаңбай ауылдық округі "Атан өлген-Ақтікен" мал қыстағында орналасқан "Сартай батыр" шаруа қожалығының ірі қара малдарының қарасан ауруы бойынша карантинді алуға" ұсынысы негізінде, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты Жайсаңбай ауылдық округінің "Атан өлген-Ақтікен" мал қыстағындағы "Сартай батыр" шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
      2. Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 5 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4953 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымдағы "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі: Ғ. БАЙТАҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады