Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 291 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37–бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" № 111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 14 мамырында № 2698 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 "Жетісу", 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 111 "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 213 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 4 маусымында № 3193 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 "Жетісу", 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2. "Aлматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар       қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады