Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі № 09-591 қаулысы

      "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабы және "Алматы облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 30-шы тамыздағы № 05-13/ш2555 ұсынысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің төменде көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "Талғар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы №11-1457 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 3634 тіркелген және 15 қаңтарда 2016 жылы "Талғар" газетінің №02-03 жарияланған);
       "Талғар аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы №11-1396 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда №3595 тіркелген және 18 желтоқанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №53 (4183) жарияланған);
       "Талғар аудандық "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы №10-1392 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 3590 тіркелген және 18 желтоқанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №53 (4183) жарияланған );
      "Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 21тамыздағы №08-1108 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 3440 тіркелген және 9 қазанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №44 (4175) жарияланған );
      "Талғар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеменің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 31шілдедегі №07-1088 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3398 тіркелген және 24 қыркүйекте 2015 жылы "Талғар" газетінің №41-42 (4173) жарияланған );
      "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 31шілдедегі №07-1084 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3397 тіркелген және 9 қазанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №44 (4175) жарияланған );
      "Талғар ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 31шілдедегі № 07-1080 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3396 тіркелген және 9 қазанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №44 (4175) жарияланған);
      "Талғар ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 31шілдедегі №07-1082 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3395 тіркелген және 2 қазанда 2015 жылы "Талғар" газетінің №43 (4174) жарияланған);
      "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 шілдедегі № 07-983(нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 3382 тіркелген және 17 қыркүйекте 2015 жылы "Талғар" газетінің №39-40 (4172) жарияланған );
      "Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 9 шілдедегі № 07-945 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 6 тамыздағы № 3327 тіркелген және 21 тамызда 2015 жылы "Талғар" газетінің №35 (4168) жарияланған );
      "Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 маусымдағы № 06-868 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 6 тамыздағы №3326 тіркелген және 21 тамызда 2015 жылы "Талғар" газетінің №35 (4168) жарияланған);
      "Талғар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 наурыздағы № 03-163 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 3132 тіркелген және 24 сәуірде 2015 жылы "Талғар" газетінің №19 (4154) жарияланған);
      Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі "Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" №03-163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы №09-729 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 2148 тіркелген) ;
      Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" №03-163 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 сәуірдегі №2-18-143 тіркелген және 9 мамырда 2012 жылы "Талғар" газетінің №17-18 (4000-4001) жарияланған);
      Талғар ауданы әкімінің 2012 жылғы 6 қантардағы "1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" №01-14 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 қантардағы № 2-18-137 тіркелген және 1 ақпанда 2012 жылы "Талғар" газетінің №05 (3988) жарияланған);
      Талғар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" №12-321 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 2-18-122 тіркелген және 29 қаңтарда 2011 жылы "Талғар" газетінің №07 (3934) жарияланған);
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына А.Әшімахұнға жүктелсін.
      Аудан әкімі Р.Садықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады