Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 331 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 482 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9034 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (28246) санында жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 482 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9880 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне және ресми баспасөз баспаларына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әкімшілік департаментінің директоры А. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                         Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады