Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 429 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 847 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12030 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 847 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 188 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13482 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                            Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады