Кейбір нормативтік құқықтық актілер туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "1" сәуірдегі
№ 13/6 қаулысына косымша

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 24 қазандағы № 10/99 " І және ІІ топ мүгедектеріне ыстық және суық суды есепке алу аспаптарын орналастыруға көмек көрсету туралы", (Қарағанды облысы Әділет басқармасында 993 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 20 қарашадағы № 47 "Зеркало" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 21/2 "Нысыналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін бекіту туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемалекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-82 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 маусымдағы № 25 "Зеркало" газетінде және 2009 жылғы 25 маусымдағы № 26 "Теміртау" газетінде жарияланған) қаулысы.
      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 10/4 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-101 болып тіркелген, 2010 жылғы 5 мамырдағы № 18 "Теміртау" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады