Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 наурыздағы N 10/4 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 8-3-101 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 3 ақпандағы N 5/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2011.02.03 N 5/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағының негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 18 наурыздағы
N 10/4 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі

N р/с

Кәсіпорындардың атауы

Мекенжайы

Жұмыс түрі

1

"Теміртау мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Республика даңғылы, 38

Аумақты абаттандыру және жинау

2

"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Республика даңғылы, 13А

Аумақты абаттандыру және жинау

3

"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Республика даңғылы, 34А

Аумақты абаттандыру және жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады