Өспен ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 01 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 02 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Өспен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Өспен ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 маусымдағы "Еркіндік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3864 болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 26 (10 595) санында ресми жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Әкім Ж. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады