Шиелі аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/5 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шиелі аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/6 шешімі. (Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 21 қаңтарда 4851 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2015 жылғы 31 қаңтарындағы № 8 жарияланған).
      2) "Шиелі аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/8 шешімі. (Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 26 наурызда 4628 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 24 жарияланған).
      3) "Шиелі аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 40/7 шешімі. (Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 02 июня 5004 нөмірімен тіркелген.
      2. Осы шешiм қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы хатшысы
      К. Койкелдиев Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады