Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 424 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрагасы                            Б. Козлов

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

Аудандық мәслихаттың   
2015 жылғы 19 қаңтардағы 
№ 424 шешіміне қосымша  

Қамысты аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1) Мәслихаттың 2014 жылғы 6 тамыздағы № 227 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарлатылған лауазымдық айлақақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5044 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 29 тамызда "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған);
      2) Мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 270 "Жер салығы базалық салық ставкаларының түзетулері және бірыңғай жер салығы туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5520 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады