Лебяжі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 117/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 46-баптарына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі "Лебяжі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 238/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамызда "Аққу үні - Вести Акку" № 34 газетінде жарияланған);
      Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы "Лебяжі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4333 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда "Аққу үні - Вести Акку" № 10 газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады