Павлодар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 30/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Павлодар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" № 43/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3690 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 8 (7974) "Заман тынысы" және № 8 (143) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2) Павлодар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "Павлодар ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 602/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (8020) "Заман тынысы" және № 2 (189) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      3) Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы "Павлодар ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 173/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4493 тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымдағы № 22 (8040) "Заман тынысы" және № 22 (209) "Нива" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Бабенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады