Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 172/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі "2016 жылға Успен ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 121/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдедегі № 5180 болып тіркелген, "Аймақ ажары" және "Огни села" газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
      2) Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 122/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 26 шілдесінде № 5182 болып тіркелген, "Аймақ ажары" және "Огни села" газетінде 2016 жылғы 13 тамыздағы № 32 номерінде жарияланған);
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
      Аудан әкімі С. Саламацкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады