"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 273 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 36 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 273 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9023 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 11 қаңтарда № 6 (28230), «Казахстанская правда» 2014 жылғы 11 қаңтарда № 6 (27627) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, баспасөз басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жолдауды;
      2) бұйрықтың күші жойылды деп тану және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      3) осы бұйрықтың қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі                     А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады