Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 мамырдағы № 248 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Әлсеитовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
"12" мамыр 2016 жылғы
№ 248 қаулысына қосымша

Сарыағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 144 "Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2607 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 63-65 (11394) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2978 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 6 (11451) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      3. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 848 "Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2997 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 8 (11453) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      4. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 46 "Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3047 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 04 наурыздағы № 9 (11454) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      5. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 273 "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3194 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 24 (11469) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      6. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 443 "Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 848 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 35 (11480) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
      7. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 95 "Сарыағаш ауданының қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 848 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 болып тіркелген "Сарыағаш" газетінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 20 (11517) нөмірінде жарияланған) қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады