"Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 273 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 3194 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 12.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 15 "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2978 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 16-тармақтың 27) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Парманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады