Зырян ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 7/6-VI шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зырян ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілідеі.
      Сессия төрайымы Р. Карагужина
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Зырян ауданының
мәслихатының
2016 жылғы 3 тамыздағы
№ 7/6 - VI шешіміне
қосымша

Зырян ауданының мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі

      1. "Зырян ауданының мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29/6-V Зырян ауданының мәслихат шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3264 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 17 "Көктас таңы", 2014 жылғы 1 мамырдағы № 17 "Пульс! Зыряновска" газеттерінде жарияланған).
      2. "Зырян ауданының мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29/6-V Зырян ауданының мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/4-V Зырян ауданының мәслихат шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4102 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы № 34 "Менің өлкем", 2015 жылғы 20 тамыздағы № 34 "Мой город Зыряновск" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады