Күршім ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы N 209 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Күршім ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Абилмажиновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі С.Чукаев

  Күршім ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 10 " маусым
№ 209 қаулысына қосымша

Күршім ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы ""Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 10 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 3673 болып тіркелген, 2015 жылы 20 ақпанда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 15 санында жарияланған) қаулысы;
      2. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы ""Күршім ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 62 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 3748 болып тіркелген, 2015 жылы 27 наурызда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 25 санында жарияланған) қаулысы;
      3. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы ""Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 92 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3816 болып тіркелген, 2015 жылы 10 сәуірде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 29 санында жарияланған) қаулысы;
      4. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы ""Күршім ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 89 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3815 болып тіркелген, 2015 жылы 10 сәуірде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 29 санында жарияланған) қаулысы;
      5. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы ""Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 88 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3817 болып тіркелген, 2015 жылы 10 сәуірде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 29 санында жарияланған) қаулысы;
      6. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы ""Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 94 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 3749 болып тіркелген, 2015 жылы 1 сәуірде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 26 санында жарияланған) қаулысы;
      7. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі ""Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" № 121 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 3858 болып тіркелген, 2015 жылы 17 сәуірде аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 31 санында жарияланған) қаулысы;
      8. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы ""Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 205 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 4056 болып тіркелген, 2015 жылы 12 тамызда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 64 санында жарияланған) қаулысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады