"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдары басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік органдар арасында мәліметтермен алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатпайды.
Осы Қағидалардың шеңберінде мемлекеттік органдар арасында мәліметтермен алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ол кезде азаматтарға заңдық маңызы бар фактілерді растайтын құжаттардың ең аз санын ұсыну қажет қағаз құжат айналымын болдырмауды (азайтуды) қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешу үшін көзделген, техникалық құжаттамалар мен персоналдар қызмет көрсететін ақпараттық-коммуникациялық технологияның ұйымдастыру реттеу кешені;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
3) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен;4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен.
2-тарау. Ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі
3. Салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге қол жеткізу лауазымдық тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің деректер қоры мен ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл процесі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Жаңарту мерзімі Online/нақты уақыт режимі.
Ақпараттық өзара іс-қимылды және өзектендіруді Online режимінде техникалық іске асырғанға дейін мәліметтерді ұсыну сұрау салудың негізінде алу түрінде жүзеге асырылатын болады.
5. Ақпараттық жүйелердің меншік иелері олардың ақпараттық жүйелеріне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым иелері деректерді жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
7. Салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге қолжетімділік "Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық тіркеу тізілімінде № 13371 тіркелген) Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отыру және оларға қол жеткізу қағидаларына сәйкес рұқсат етіледі.
8. Салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын адамдар жария етуге жатпайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрығымен.Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.04.2021 № 410 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.04.2021 № 134; өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.02.2023 № 167 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.02.2023 № 41 бірлескен бұйрықтарымен.
№ | Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер атауы |
1. | Бюджетпен есеп айырысулар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша (салық төлеу шінің дербес шотынан көшірме үзінді) жағдайы |
2. | Салық агенті аударған жеке табыс салығының сомасы және кезеңдер бойынша жұмыскерлер саны (жартыжылдық, жыл) |
3. | Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдардың салық кезең ішіндегі жылдық жиынтық кірісі/(түзетулерді ескере отырып) кірістер сомасы |
4. | Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген табыстардың сомасы |
5. | Кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша жеке тұлғаға салық агенті есептеген жеке табыс салығының сомасы |
6. | Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті зейнетақы жарнасының сомасы |
7. | Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген әлеуметтік аударымдар сомасы |
8. | Салық агенті жеке тұлғаға кезеңдер (тоқсан, жартыжылдық, жыл) бойынша есептеген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомасы |
9. | Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарының сомалары |
10. | Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер |