"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 191 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 191 бұйрығымен
бекiтілген

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттiң орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Байқоңыр" ауданы, Янушкевич көшесi, № 2 үй.

      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының саны мен сапасының сақталуын бақылау;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

      14. Функциялары:

      1) Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Комитет құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      4) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      8) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      9) сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      10) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;

      12) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      13) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      14) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;

      15) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;

      16) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

      17) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдаланылуы кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      18) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;

      19) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды және сапасы мен санының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      20) қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушымен шарт (келісімшарт) жасасу;

      21) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiріп алуды жүзеге асыру;

      22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы түгендеу жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тарту;

      23) сақтау пункттерінде сақталатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;

      24) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселесін шешу үшін тексеріс (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;

      25) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;

      26) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;

      27) мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;

      6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      7) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      8) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдар сұратады және алады;

      9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер әзірлейді;

      10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      11) Комитеттің балансында тұрған мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген мақсаттардың орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;

      4) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      6) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құзыретіне жататын жұмыскерлерді қоспағанда, Комитет жұмыскерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлік болуы мүмкін.

      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитет қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады