Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 269 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 90 бірлескен бұйрығы

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер нысаны;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелері қазақша және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________________ С. Шәпкенов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 269 және
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 90 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-2-тармағына сәйкес әзірленді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2-тарау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      2. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мәліметтердің өзгеруіне байланысты күн сайын автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің "Біріктірілген деректер базасы" ақпараттық жүйесіне береді.

      3. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша мәліметтердің өзгеруіне байланысты күн сайын автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің "Біріктірілген деректер базасы" ақпараттық жүйесіне береді.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 269 және
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 90 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Тіркелген күні

Тіркеуден алынған күні

жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5






  "Жұмыссыз болып табылатын
жеке тұлғалар туралы мәлімет"
нысанына қосымша

"Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәлімет" нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың ретік нөмірі;

      2-бағанда – жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда –жеке тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркелген күні;

      5-бағанда – жеке тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркеуден алынған күні.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 269 және
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 90 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  нысан

Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтер

Ұйымның (жұмыс берушінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Ұйымның (жұмыс берушінің) атауы

Қызмет (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші)

Жұмыс беруші орналасқан мекенжай

Берілген құжаттың нөмірі

Берілген күні

Рұқсат қолданысының басталу күні

Рұқсат қолданысының аяқталу күні

өңір

көшенің атауы

үйдің нөмірі

пәтердің/ кеңсенің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жұмыс әдісі

Рұқсатаманың мәртебесі


Тартылатын шетелдік тұлға

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін салық алымы

Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның – шетелдік азаматтың туған күні

Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі

13

14

15

16

17

18









жеке тұлғаның – шетел азаматының азаматтығы елі (елдің коды)

азаматтығы елінің атауы

жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

жеке басын куәландыратын құжатты беру нөмірі

жеке басын куәландыратын құжатты беру күні

жұмысқа тартылған шетелдік-жеке тұлғаның лауазымы

рұқсат берген уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган)

жеке тұлғаның орналасқан өңірі

19

20

21

22

23

24

25

26









  "Еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін шетелдік жұмыс
күшін тартуға берілген рұқсат
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат туралы мәліметтер" нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – заңды/жеке тұлғаның (жұмыс берушінің) бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – заңды/жеке тұлғаның (жұмыс берушінің) атауы;

      4-бағанда – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код көрсетіледі;

      5-бағанда – жұмыс беруші орналасқан өңір;

      6-бағанда – жұмыс беруші орналасқан көшенің атауы;

      7-бағанда – жұмыс беруші орналасқан үйдің нөмірі;

      8-бағанда – жұмыс беруші орналасқан пәтердің/кеңсенің нөмірі;

      9-бағанда – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген құжаттың нөмірі;

      10-бағанда – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген күн;

      11-бағанда – рұқсаттың қолданылуы басталған күн;

      12-бағанда – берілген рұқсаттың қолданылуы аяқталған күн;

      13-бағанда – жұмыс әдісі;

      14-бағанда – рұқсаттаманың мәртебесі;

      15-бағанда – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені үшін салық алымының сомасы көрсетіледі;

      16-бағанда – Қазақстан Республикасына жұмысқа тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      17-бағанда – Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның-шетелдік азаматтың туған күні;

      18-бағанда – Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге тартылған жеке тұлғаның – шетелдік азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі;

      19-бағанда – жеке тұлғаның-шетел азаматының азаматтығы елінің коды;

      20-бағанда – азаматтығы бар елдің атауы;

      21-бағанда – жеке басын куәландыратын құжаттың түрі;

      22-бағанда – жеке басын куәландыратын құжатты беру нөмірі;

      23-бағанда – жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні;

      24-бағанда – жұмысқа тартылған шетелдік жеке тұлғаның лауазымы;

      25-бағанда – рұқсат берген уәкілетті орган;

      26-бағанда – жеке тұлға орналасқан өңірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады