Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 120 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Үміт" шаруа қожалығына Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық, Жақсымай ауылдық округі жерлерінен электр желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 25,52 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 27 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

  Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 120 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Учаске №

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар)

оның ішінде

Жайылым, га

Басқа да жерлер, га

1

Шұбарқұдық ауылдық округі (елді мекен жері)

9,03

9,03


2

Жақсымай ауылдық округі (елді мекен жері)

8,73

8,73


3

"Үміт" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

1,23

1,23


4

"Нұр" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

0,02

0,02


5

"Жадра" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

6,51

6,51


Барлығы:

25,52

25,52



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады