Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 2135 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 701 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 20.04.2023 № 701 қаулысымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 792 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Строй Элит Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, Курганская көшесі, 2, Курганская көшесі, 2 (ТП 10/0,4 кВ) – Курганская көшесі, 8 (өнеркәсіптік аймақ, ТП "Центральная", 10/0,4 кВ - 400 кВА - № 300 А) шекарасында мекенжайы бойынша орналасқан "Қостанай облысы, Қостанай қаласы 2829 Р-1 тарату шкафы тарату желісінің желілік - кабельдік шаруашылығын күрделі жөндеу" телекоммуникация объектісі бойынша телефон кәрізін салу мен пайдалану және байланыс тіректерін орнату үшін "Жапсарлас коммерциялық объектілері бар және жапсарлас салынған мектеп жасына дейінгі балалардың уақытша болатын үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы" объектісі бойынша инженерлік өткізу желілерін (сыртқы электрмен жабдықтау) жобалау және төсеу үшін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0929 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы М. Сокитбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады